30.06.2020, 14:22
Оқылды: 244

Жәнібекте ат спорты кешені ашылды

   Жәнібек ауылының шығыс бетінен орын тепкен «Жайлау» атты ат спорты кешенінің ашылу салтанаты болды.

6333724D-DAC4-46E7-84D6-1D567D2EC6B1

Кешеннің салынуына жылқы десе жанып түсетін Серік Дәулетов, Биболат Шагиров сынды азаматтар мен Т.Жароков атындағы орта мектептің 1980 жылғы түлектері мұрындық болған.

BFAA19CE-7D79-4253-B06E-7C7774DB4620

Алдымен аудандық мұсылмандар мешітінің бас имамы Есенболат қажы Абдуғалиев Құран бағыштады. Аудан әкімі Азамат Сафималиев құттықтау сөз сөйлеп, кешеннің құрылыс жұмыстарын жүргізуге атсалысқан бір топ азаматтарға алғысхаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етті.  Сондай-ақ биыл Орал қаласында өткен облыстық чемпионатта екінші орынға ие болған көкпаршыларымызды алғысхатпен марапаттады. Сонан кейін сөз кезегін облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қаймен Есендияров алып өзінің ізгі тілегін арнады. Осы іске атсалысқан басқа да азаматтар құттықтап, ниеттерін білдірді. Лента қию рәсімін аудан басшысы Азамат Сафималиев пен еңбек ардагері Әбес Темешев атқарды. Бұдан соң жиналған қауым кешенді көріп, ат үстіндегі аударыспақты, жамбы атуды тамашалады.

0D27A88F-9B5F-4715-99D0-270AD14F09A7

Айта кетейік, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қаймен Есенаманұлы аудан басшылығымен бірге №1 мектеп-лицей жанындағы және М.Ықсанов пен Қ.Мусин атындағы көшелердің қиылысында орналасқан асық ату алаңына барды.

Асқар Құсайынов,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале