16.11.2021, 17:21
Оқылды: 45

Жәнібектік жастар жоспарларымен бөлісті

Жәнібек ауданы әкімінің орынбасары Асхат Хамитұлының төрағалығымен аудан әкімі жанындағы жастар істері жөніндегі кеңес отырысы өтті. Басқосуға кеңес мүшелері, жастар, ауыл әкімдері қатысты.

21

-Еліміздің болашағы жастар. Сондықтан оларға зор үміт артылып отыр. Тәуелсіздік жылдарында көп жетістікке қол жеткіздік. Мемлекетіміздің нығая түсуіне бұрынғыдан да мол үлес қосу үшін жастардың белсенділігі аса қажет. Қай заманда болмасын қоғамның қозғаушы күші – жастар. Сондықтан сіздердің ой, ұсыныстарыңызбен бөліскелі отырмыз,-деді жиынды ашқан Асхат Хамитұлы.

Әрмен қарай Талов ауылдық округі әкімінің м.у.а Армат Мансуров Талов ауылдық округінде жастармен ұйымдастырылған жұмыстар туралы хабарлама жасады. Ал аудандық полиция бөлімінің полиция лейтенанты Дархан Меңдіғалиев жастардың құқықбұзушылығын алдын алу үшін атқарылған бірқатар шараларды баяндады. Жиын соңында «Ақбастау» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мейрамбек Шайдуллиннің баяндамасы тыңдалды. Бірлестік төрағасы атқарылған жұмыстарды слайд-презентация түрінде ұсынды.

Басқосу барысында жастардың жоспарлары, алда атқарылатын шаралар хақында ой бөлісіп, әрқайсысының пікірі тыңдалды.

Ә. Сірәлі,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале