19.08.2021, 17:08
Оқылды: 57

Жәнібектіктер «Жайлауға» саяхат жасайды

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Жәнібек аудандық ішкі саясат бөлімі аудан орталығындағы «Жайлау» ат спорты кешеніне саяхат ұйымдастырды.

ат1

Іс-шараның мақсаты – ұлттық құндылықтарды дамытып, салауатты өмір салтын сақтау. Саяхат барысында аудан орталығындағы барлық мекеме қызметкерлері жоспарланған кесте бойынша кешенге баруда. Келушілерді аударыспақтан спорт шебері Бейбіт Аронов қарсы алып, кешеннің тыныс-тіршілігімен, ат әбзелдерімен таныстырады. Ат ерттеуді үйретеді, жал-құйрығы таралған әсем аттарға мінгізіп, кешен аумағында серуендетеді.

ат2

- Атқа бірінші рет мініп тұрмын. Алған әсерімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Осындай саяхат ұйымдастырып, қарбалас жұмыстан сәлде болса бой жазуға мүмкіндік жасап жатырған аудандық ішкі саясат бөліміне рақмет. Сонымен қатар кешенді аралатып, атқа мінудің қыр сырын сөз еткен Бейбіт ағамыздың жұмысына сәттілік тілеймін. Алдағы уақытта тағы да келуге тырысамын, - дейді Жәнібек ауылдық әкімдігінің жетекші маманы Арман Қазбеков.

Саяхат әлі де жалғасуда. Келесі кезек аудандық мұсылмандар мешітінің жамағатында.

ат 3

 

Б.Серіков,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале