5.07.2022, 17:15
Оқылды: 68

Жарықсыз қалған жіңішкеліктерге жәрдемдесті

Жақында ғана ұйтқып соққан жел мен қатты жауған нөсер ауыл-аймаққа зиянын да тигізгені белгілі.  Тіпті электр желісі өтетін бағаналар құлап, істен шығып, тұрғындар  аз-кем жарықсыз отырып қалған-ды.  Соның ішінде Шыңғырлау ауданы, Ащысай ауылдық округіне қарасты Жіңішке елді мекенінде табиғаттың тосын сыйы адамдарды әбігерге салды. Қатты желдің әсерінен бірнеше бағаналар құлады.

электр1 (4)

Осы кезде жіңішкеліктерге көмекке келіп, қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге "Батыс Қазақстан электр желілерін таратушы компаниясы" ЖШС қызметкерлері келді. Сондай-ақ сол маңдағы "Қадиша", "Жақып" шаруа қожалықтарының жетекшілері техникасы мен жұмысшыларын қосып, көп болып, бірігіп, айтарлықтай іс қылды. Нәтижесінде,  ауылдықтар үшін қысқа уақытта жарық берілді. "Батыс Қазақстан электр желілерін таратушы компаниясы" ЖШС ұжымына алғыс айтқан Шыңғырлау ауданы тұрғындары олардың қиын жұмыстарына сәттілік тілеп, алғыстарын жаудырды.

 А.Арыстанова,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале