20.02.2024, 11:45
Оқылды: 57

Жас кәсіпкер күркетауық баптап отыр

Казталов ауданы орталығынан 120 шақырым шалғай жатқан Талдықұдықтық ауылында күркетауық баптаған кәсіпкер бар. 26 жастағы жас кәсіпкер Алпамыс Хисмет былтыр көпшілік тәуекелге бара бермейтін кәсіптің тізгінін ұстап, тауық өсіруді қолға алды.

IMG-20240219-WA0058

Яғни өткен жылдың қазан айында жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грантқа қол жеткізіп, күркетауық шаруашылығымен айналысты.

IMG-20240219-WA0059

Күні бүгінде шаруашылығында 40-қа тарта күркетауық бар. Кейіпкеріміз:

- Күркетауық өсіру-тиімді әрі табысты кәсіп. Бірақ оны өсірудің де өз қиындығы бар. Ерекше күтімді қажет етеді. Күркетауық ақылды болады, адамға тез үйренеді. Маған олардың шегірткені қуып жүріп ұстағаны, бір-бірімен шекісіп қалғаны, тіпті қанатын сабалап, ұшқаны бәрі қызық. Алдағы жылдан бастап күркетауық етін нарыққа шығаратын жоспарым бар. Еті жеңіл, сіңімді, дәмді болып келеді. Әзірге санын көбейтіп, баптауым қажет. Құс санын көбейту мақсатында тағы да жобаларға қатысу ойымда бар. Сүйікті ісіммен айналысуға қолдау білдірген мемлекетке рахмет айтамын, - дейді.

Жұлдыз Асқар,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале