24.02.2023, 16:30
Оқылды: 8

Жас өрендер өлкені зерттеді

Тасқала аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен «Сәулет» мектеп-лицейінде «Туған өлкемді зерттеймін» атты дәстүрлі аудандық ғылыми-зерттеу конференциясы өтті. Жас өрендер өлкенің өткені мен бүгінін, табиғи ерекшеліктері мен табиғат байлығын зерттеді.

Экология Жас өркен

 

Конференция төрт кезең бойынша сараланып, үздіктер анықталды. Нәтижесінде «Флора экологиясы» бойынша І орынды Мереке «мектеп-бөбекжай-балабақша» кешенінің оқушысы Жұлдыз Махамбетова, «Фауна экологиясы» бойынша І орынды «Сәулет» мектеп-лицейінің оқушысы Инабат Орахова, ал «Инженерлік экология» бағыты бойынша І орынға мектептен тыс жұмыс орталығының тәрбиеленушісі Наргиз Досқалиева ие болды. «Экология және Біз» бағытында І орынды «Сәулет» мектеп-лицейінің оқушысы Аружан Ғабдысыйық жеңіп алды.

Әділқазылар алқасының шешімен әр бағыттан жоғары жұмыстар облыстық кезеңге жолданып, жеңімпаздарға аудандық білім беру бөлімінің дипломы мен сыйлықтар табыс етілді.

 

Меңдібек Нұрболатұлы,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале