19.04.2022, 17:30
Оқылды: 74

Жас палуандар жарады

Таяуда Сайқын ауылында дене шынықтыру сауықтыру кешенінде Бөкей ордасы ауданының қайта құрылғанына 50 жыл толуына және Балалар жылына орай қазақ күресінен 2009-2010 жылы туған және 2011-2013 жылы туған кіші жасөспірімдер арасында ашық аудандық жарыс өтті.

09

Бұл жарысқа Казталов, Ақжайық,  Жаңақала аудандары, Сайқын, Хан ордасы, Бисен, Мұратсай,  Ұялы, Бөрлі, Саралжын, Тереңкөл, Көктерек ауылдарынан командалар келіп, 180-ге жуық жасөспірім спортшылар боз кілемде бақ сынады. Аталған жарысқа абыройлы қатысып келген жерлес спортшыларымыз да қоржынды жүлдемен толтырды.

Жаңақала аудандық спорт мектебінің қазақ күресі бөлімінің жаттықтырушысы Замир Батыров, Айдархан ауылының жаттықтырушысы Мәди Арыстанғалиев, Көпжасар ауылының жаттықтырушысы Әсет Омаров, Қырқопа ауылының жаттықтырушысы Әділет Қалиарыстанов баптайтын боз кілем шеберлері жарысқа жақсы дайындықпен барғандарын дәлелдеді.

10

2011-2013 жылы туған кіші жасөспірімдер арасында 23 келі салмақта Сауран  Серікқалиұлы І орын, 26 келі салмақа сынға түскен Ибрахим Жасұлан ІІ орын, 29 келіде Едіге Жүсіп І орын, 42 келіде Асылмұрат Жүзжасар ІІІ орын, 46 келіде күрескен Ислам Жұмаш ІІІ орын алды.

+55 кг салмақтағы Ілия Сәбит те қолаға қол жеткізді. 32 келі салмақта Ақболат Амангелдіұлы ІІІ орын алса, 35 келі салмақта Мейірбек  Ержан мен 42 келі салмақта Жеңісхан Қайрат қарсыластарының барлығынан басым түсіп, жеңімпаз атанды. 42 келі салмақта белдескен Аңсат Мұханбетқали ІІІ орын, 46 келіде Әсет Махамбет ІІІ орын алды. Көпжасарлық жас палуандарды баулуға кіріскеніне көп уақыт өте қоймаған Әсет Омаровтың шәкірттері де жүлде алып, бапкерлерінің мерейін асырды. Атап айтсақ, 26 келі салмақта Мадияр Қамидолла мен Мералы Сидағали ІІІ орын, 35 келіде Мұрагер Кенжебаев ІІ орын, 32 келі салмақта Мадияр Қабидолла ІІІ орын алып, 35 келі салмақта Ақжол Қайырғали күміспен күптелді.

29 келі салмақта Ерсұлтан Темірболат ІІІ орын, 32 келі салмақта Бекнұр Хайрат ІІІ орын, 32 келіде бақ сынаған Арнұр Батырбек ІІ орын және 38 келіде күрескен Дәулет Нұрболатұлы ІІІ орынға ие болды. Әлімжан Саматов 35 келіде күміс алса, Санжар Жанболат 46 келі салмақта ІІ орынға тұрақтады. +46 келі салмақта Әділжан Мәлік жеңімпаз атанса, 38 келі салмақта Әмілмансұр Өмірзақ ІІ орынды қанағат тұтты. 38 келіде Ералы Ишан ІІІ орынға табан тіресе, 46 келі салмақта Мәди Жұмагелді ІІ орын алды. +55 келіде Тамерлан Серікұлы ІІ орын алып, күміс медалді мойынына тақты.

11

- Осы жарысқа Бөкей ордасы аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Армат Ермекұлы арнайы шақырып, жарыстың бас хатшысы қызметін тапсырған болатын. Жас палуандар екі кілемде белдесті. Жарыс жоғары деңгейде өтті. Ауданынымыздың  жасөспірімдер командасы  5 алтын,  8 күміс,  13 қола медаль жеңіп алды. Осы жарысқа спортшыларды жіберген мектеп әкімшілігіне, спортшылардың ата-аналарына және палуандарын дайындап алып барған жаттықтырушыларына алғысымды білдіремін, - дейді аудандық балалар жасөспірімдер спорт мектебі директорының орынбасары Дәурен Жағыпаров.

Жанайдар Болатбекұлы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале