27.12.2022, 14:31
Оқылды: 31

Жастар жылды қорытындылады

Кеше Тасқала аудандық мәдени-демалыс орталығында әр салада жемісті еңбек еткен, халыққа сапалы қызмет көрсетуде абырой биігінен көрінген қызметкерлерге «Жыл үздігі – 2022» премиясы табысталды. Жиынға қатысқан аудан әкімі Бауыржан Айтмағамбетов жыл бойы атқарған істі бағалап, талмай еңбек еткен жастарды аталымдар бойынша марапаттап, құттықтады.

12

Шарада жастар арасында белсенділік танытып, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға атсалысып жүрген жастар аудан әкімі атынан алғысхаттармен марапатталды. Аудан әкімі жастарға тек биік белестерден көрінуге және өмір жолдарына сәттілік тіледі.

«Жыл жаңалығы» атты аталым мектептен тыс жұмыс орталығының «Робототехника» үйірмесінің қатысушысы Наргиза Досқалиеваға табысталды. Мағжан Жеңісов «Үздік жас спортшы», «Жұдырық» жайдарман тобы  «Үздік жас өнерпаз», Кенжебек Смағұлов «Үздік жас коммуналдық қызметкер» аталымына аталымдарына ие болды.

13

Сондай-ақ заманымызға сай «Үздік блогер» аталымымен Арайлым Мұхамбеталиева марапатталса, «Үздік акаунт» аталымы «Тасқала таланс командасы» аудандық мектептен тыс жұмыс орталығы жанынан құралған үйірме командасына бұйырды.

Гүлмира Мақанова,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале