31.12.2021, 11:27
Оқылды: 40

Жастардың бағындырар белесі мол

Кеше Казталов аудандық мәслихаты аппаратының мәжіліс залында аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының есеп беру жиыны өтті. Жиынға аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айша Әбішева, аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Күнсұлу Шаканаева, аудандық пробация бөлімінің қызметкерлері, белсенді және ерікті жастар мен БАҚ өкілдері қатысты.

B2424D5F-2FBE-4D49-A908-402200EB5E5D

Жиынның күн тәртібінде бір ғана мәселе, яғни аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының есебі тыңдалып, қаралды. Орталық басшысы Мұқағали Шоқпанов баяндама жасап, жастар саясатын дамытуда және ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойында атқарылған жұмыстарға тоқталып, болашақ жоспарларымен бөлісті. Аудандық аналар кеңесінің төрайымы Күнсұлу Шаканаева жастардың жұмысына оң баға беріп, ризашылығын білдірді. Ал аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айша Әбішева жастарда серпін бар және олардың бағындырар белесі мол екенін атап өтті.

-Ауданымызда жастар саясаты біріздендіріліп келеді. Оны жастар өткізіп жатқан жобалар мен әлеуметтік желілердегі пікірлерден байқауымызға болады. Биылғы жылы аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен «Ауыл LIFE» және ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өткен «Тұғырлы Тәуелсіздік» атты республикалық ақындар айтысы жоғары бағаға ие болды. Қала берді, облысымызда да аудан жастарының беделі артып отыр. Бұл мемлекеттік саясатқа деген оң көзқарастың қалыптасып, жастардың қоғамдық өмірге араласып, патриоттық сезімін оятуының көрінісі. Жаңа мамандар, жас еріктілер, белсенділер ауданымыздағы жастар саясатының дамуына өз үлестерін қосуда. Мен жастарға ризашылығымды білдіре отырып, болашағына сеніммен қарайтындығымды жеткізгім келеді, - деді ол.

Жастардың есеп беру жиынында өзге де мәселелер талқыланып, ұсыныс, пікірлер айтылды. Сонымен қатар бірқатар белсенді жастар марапатталды.

Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале