11.11.2022, 15:48
Оқылды: 26

Жеңімпаздармен жүздесті

Жуырда Қазақстан кеме үлгілеу спорты федерациясы Ақмола облысы Аршалы аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен кеме үлгілеу, «Қазақстан кубогы» және авто үлгілеу спорты бойынша Ақмола облысының ашық турнирі және Бурабай кентінде «Спорттық  радиопеленгациядан» ҚР чемпионаты өтті. Аталмыш сайысқа Теректі балалар шығармашылық үйінің өрендері қатысқан еді.

9

Айта кетейік,  олар түрлі бағыттар бойынша тәрбиеленіп, облыстық, республикалық, тіпті халықаралық додаларда бақ сынап жүр. Осы орайда аудан әкімі Тілек Габдушев жеңімпаз оқушылар мен олардың жетекшілерін қабылдады.

Қабылдауға «Қазақстан кубогі» кеме үлгісі спорты бойынша республикалық жарыстың жүлдегерлері, «Кеме үлгілеу» үйірмесінің мүшелері  Ерасыл Есқара мен Нұрасыл Есқара және спорттық радиопеленгациядан ҚР чемпионатында 2-орын иегері «Мұзбалақ» және «Жас авиатор» үйірмесінің мүшесі Мөлдір Лұқпанова қатысты.

10

Жас чемпиондармен жүздескен аудан әкімі Тілек Александрұлы оқушылардан жарыс туралы пікірлерін сұрап, жетекшілерімен пікір алмасты.

Жарысқа шәкірттер дайындаған Жанболат Ешов пен Манас Аққожин өз кезегінде балаларға әлі де қолдау көрсетілсе деген өтініш-тілектерін айтты.

11

Қолдауға әрдайым дайын екендігін айтқан аудан басшысы оқушыларға алғысхат пен естелік сыйлықтар табыс етті.

Балнұр Қанаева,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале