9.05.2022, 13:31
Оқылды: 117

Жеңіс мерекесі тойланды

  9 мамыр – Ұлы Жеңіс мерекесі орталық саябақта Жеңіс мерекесіне арналған мерекелік концертпен жалғасты. Шыңғырлау ауданы көркемөнерпаздарының орындаған ән-жырлары  мерекелік сәтті одан сайын айшықтап берді. Соғыс жылдарындағы естелік әндер орындалып, солдат биі биленді.

F42E2FA2-23F7-4B9E-A83E-10B8EC2CD3B7

   Саябақта көпшілік-мерекелік серуен ұйымдастырылып, Жеңіс күнімен бір-бірін құттықтаған үлкендер де, балаларын қыдыртып, отбасымен бірге жүрген жас жанұялар да бұл күні өте көп болды. Саябақ маңында сауда-саттық ұйымдастырылып, ал серуендеген жұртшылық кәуап, сусынмен тәттілер алып, мерекені жалғастырды.

F3B1B98C-962A-4B11-A9B0-58C323C0BDFC

Иә, еліміз Жеңістің тағы бір жылын тойлап отыр. Ұлы Жеңістің  қадірі мен маңыздылығын жете түсініп, Қазақстанның болашағы жарқын болсын деп тілейік, ағайын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

     А.Аңсар,

Шыңғырлау ауданы

   zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале