4.11.2019, 11:56
Оқылды: 117

Жерлестерін еске алды

Бәйтерек ауданы Дариян ауылында БҚО каратэ-додан балалар ассоциациясының президенті Тарас Қуанғали мен аталмыш мектептің дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі, каратэ-додан бірнеше мәрте спорт шебері, жаттықтырушы Самат Жексенғалиевтің ұйымдастыруымен, жергілікті әкімшілік пен балалар модельді кітапханасы жанындағы «Шабыт» коворкинг орталығының қолдауымен каратэ-додан спорт шебері Дана Өтеғалиеваны еске алуға арналған ашық турнир өтті.

 baiterek (1)

Сайыстың ашылу салтанатында Дариян ауылдық округі әкімінің  орынбасары Нұрлан Ажиев жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Сондай-ақ Дариян мектеп-гимназиясы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Самал Исмағұлова сүйікті шәкірттері болған Дана Ерболқызы туралы естеліктер айтып, турнирдің өтуіне демеушілік танытқан ауыл жастарына алғысын жеткізді.

Сонымен қатар марқұм Дана Өтеғалиеваның ата-анасы Ербол және Нұрия Өтеғалиевалар қыздары Дананы еске алуға арналған сайысты ұйымдастырушылардың барлықтарына ризашылықтарын білдіріп, тамашалауға жиналған көрермендер мен балғын спортшыларға тілектерін арнады.

baiterek (2)

Жарысқа Орал қаласындағы №44 мектептің жас спортшылары қатысып, көңіл қуантарлық нәтижеге қол жеткізді. Атап айтар болсақ, 6-9 жас аралығында бақ сынағандар арасында М.Қадырғали, Ә.Жәлел, Е.Оңғар, Д.Сабыртай, М.Армат жеңімпаз атанды. 9-14 жас аралығындағы салмақтағы спортшылар  Н.Уағиулла, Ғ.Ману, Ш.Сағындық, Д.Ибрашева, Ә.Шоқанов, Н.Айтмағамбет, Л.Ержігіт, А.Өтеулі І орынға қол жеткізді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге медальдар мен дипломдарды Дариян ауылдық округі әкімінің орынбасары Нұрлан Ажиев, Ербол Өтеғалиев  табыстады.

Гүлжан Аязбаева

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале