29.11.2023, 12:00
Оқылды: 61

Жетікөлдегі бастауыш мектеп неге жабылды?!

Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов Жетікөл ауылдық округінің әкімі Айболат Нұрмұхановтың ел алдындағы есеп беру жиынына қатысты.

3848e1d5-fac5-4a99-806d-f1ac86bbdb97

Осыған дейінгі жиналыста халық ауылға таратылатын ауыз су көлемінің аз екенін айтып, жергілікті биліктен жаңа су ұңғымасын қазуды сұраған. Биыл Боқай нүктесінде қосымша бір құдық іске қосылды. Электромонтер қажеттігі туралы ұсыныс та қолдау тауып, маман жұмысына кіріскен. Ең басты мәселе - жол. Қосарал ауылына кірме жолды жөндеу үшін жобалық-сметалық құжат дайын. Жоба құны - 1 млрд 900 млн теңге.

«Ауыл аманаты» жобасына қатысу құлық танытқандар да көбі - жетікөлдіктер.

 Округ әкімі Айболат Нұрмұхановтың айтуынша сегіз адам 42 миллион 592 теңге несиеге құжат тапсырған. Жеті адамның жобасы мақұлданған. Екі адам қаражатқа қол жеткізіп, сатып алатын мал іздеп жатыр.

Қосарал ауылының тұрғындары жарықтың жиі сөнетініне наразы. Аудандық мәслихат депутаты Айдархан Рамазанов электр желілеріне күрделі жөндеу қажеттігін айтты. Оны Айболат Нұрмұханов та мойындап отыр:

- Желілер тозған, жөндеу көрмеген. Сондықтан Ағоба, Жетікөл және Қарақұдық елді мекендерінде жарық жиі сөнеді. Округ орталығы мен іргедегі елді мекендердің жарығын қалыпқа келтіру үшін 45 дана баған, 3,5 шақырым сым, 20 тіреутас, 80 дана изолятор қажет.

4d37655c-6538-46ed-87c4-6a2a6f19f633

- Айдың, күннің аманында Жетікөлдегі бастауыш мектеп неге жабылды?! - деген сауал қойды халық атынан Талап Рысов.

2023 жылы қазан айында Жетікөл елді мекеніндегі бастауыш мектеп ҚР оқу-ағарту министрлігінің стандартына сай болмауына байланысты жабылды. Үш бала орталықтағы мектепке оқуға кетті.

- Әрине, мектепті жаппағанымыз жақсы. Бірақ, оқушының да болашағын ойлауға тиістіміз. Оларға күнделікті білім, дағдылы тәрбие, бастысы бәсекелес орта керек. Балалар шеттеп, қатарынан қалмауы тиіс. - деді Сырым аудандық білім беру бөлімінің басшысы Досжан Тайшиев.

Қосаралдықтар «Beeline» операторының ауылға ұялы байланыс пен интернет тарататын құрылғысының қуаты шамалы екендігіне де шағымданды.

Жиналысты Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов қорытындылап, сұрақтарға жауап берді.

 

Бауыржан Ширмединұлы, 

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале