5.11.2018, 17:16
Оқылды: 25

Жетікөлге Боқайдан су тартылмақ

Сырым ауданы әкімдігінің ашық есік күні Жетікөл ауылдық округіндегі Жетікөл және Қосарал елді мекендерінде өтті. Тұрғындармен болған кездесуге Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев қатысты.

 jetikol (4)

Кездесу барысында тұрғындар жұмысқа орналасу, кәсіптік оқу, ауылшаруашылығын қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігі туралы жиі сұрады. Жұрт жете түсіне алмай жүрген мәселелердің ішінде ветеринариялық қызметтерге қатысты сұрақтар да бар. Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев бұл жағдай халық арасында мемлекеттік бағдарламалардың дұрыс түсіндірілмеуінен болып отыр деді.

         Жетікөл ауылдық округіне қарасты Жетікөл елді мекені көгілдір отын қосылғалы кәдімгідей оңалып қалды. Ауылдағы бастауыш мектеп пен медициналық пункт күрделі жөндеуден өтті. Ауыл үйлері әлеуметтік нысандармен қатар жаңаруда. Жетікөл ауылының тұрғыны Еркін Бисенғалиевтің айтуынша, ауылда құрылысы өзгерген үйлер саны көп. Ал, олардың құжаттарын өзгерту үшін барлық үйдің иелері ауданға баруы керек.

         «Бүкіл үйдің иелерін ауданға сабылтпай, аудандағы жауапты мамандар ауылға келсе» деген ұсыныс айтты Еркін Бисенғалиев. Ұсыныстың нақты жауабы кейін берілетін болды.

         Округтің орталығында болған жиналыста тұрғындар ауыз су мәселесін көтерді. Қазіргі күні Жетікөл ауылдық округіне ауыз су Жымпитыдан тасымалдануда. Ауыз мәселесін шешу үшін, аудан билігі келесі жылы округ орталығынан 6 шақырым жердегі Боқай нүктесінен ауыз су желісін тартуды жоспарлап отыр. Жұмыстар жергілікті бюджет арқылы басталады. Аудан басшысының айтуынша, құрылыстың жобалық сметалық құжаттары дайын. Сараптама жаңа су нүктесі тәулігіне 50 тонна су өндіруге қауқарлы деген анықтама беріпті.

Жетікөлдіктер ауыл шетіндегі бөгетті жөндеуді сұрады. Бөгеттің бүлінгені себепті, көктемгі қар суы ысырап болуда. Егер бөгет жөнделсе, 6500 га шабындық алқап суарылар еді.

jetikol (3)

jetikol (1)

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале