2.02.2017, 10:07
Оқылды: 58

Жомарт бергенін айтпас

Jomart bergenin aitpas  Түрлі қайырымдылық шараларына қатысып, шынайы ықыласпен ауылдастарына көмек қолын созудан тартынбайтын азаматтар біздің ауылымызда да бар. Өздері тіс жармағанмен, есімдерін атағанның артықтығы болмас.


  Мәселен, округіміздегі шаруа қожалықтары жетекшілері бірігіп, аз қамтылған Марат Қабделовке тұрғын үй алуға көмектессе, М.Бегалиева атындағы орта мектеп директоры Тимур Қабдығалиев көпбалалы ана Жайнагүл Сәрсенәлиеваның, ал, қожалық жетекшілері Серік Шапенов, Ержан Зинешев, Асхат Бекқалиевтер аз қамтылған өзге отбасы балаларын оқу құралдарымен қамтамасыз етті.

  Қариялар күнінде Асхат Жоламанұлы мен оның әріптесі Алтай Қитанов ақсақалды аталарымыз бен ақ жаулықты әжелерімізге дастархан жайып, үлкендердің батасын алса, түрлі мәдени шараларға демеушілік танытқан Исатай Сейсенғалиев, Дәурен Мұқашев көптің құрметіне бөленді.

А.АЙМАҒАНБЕТОВА

Т.Масин ауылдық округінің

 әлеуметтік қызметкері.

Бөкей ордасы ауданы.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале