20.12.2023, 17:30
Оқылды: 9

Жомарт жандар марапатталды

Адамдық болмысымен туған елге игі іс жасап, айналасына «Жомарт жүректі» жан атанған тұлғалардың есімі бүгінгі буынның, ертеңгі жастың жүрегінде өшпейтіндей сақталуы тиіс.

image-20-12-23-04-14-3

Бүгін Казталов аудандық мәдениет үйінде төртінші жыл қатарынан түлектер тоғысып, жомарт жүректі жандар жүздесті. Оларға алғыс білдіріп, марапаттады, мерейін көтерді.

Осыдан төрт жыл бұрын басталған бұл ауқымды жоба талай жанды жігерлендірді.

image-20-12-23-04-14-2

Туған елге игі істі сыйға тарту үшін де үлкен жүрек пен сөзсіз махаббат керек. Қосөзендік әр перзент облысқа, қала берсе республикаға  соны дәлелдесе керек-ті. Осы ретте таңдай қағып, таңғалатындай игі істердің қатары жыл сайын көбейіп келеді.

image-20-12-23-04-14

Шарада «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жыл басынан атқарылған жұмыстар, жүзеге асқан жобалар жөнінде бейнефильм көрсетілді.

Жұлдыз Асқар,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале