29.11.2023, 17:58
Оқылды: 11

«Жомарт жүрек – 2023» сыйлығы табысталды

Тасқала ауданы орталығында елге шын көңілден қызмет жасаған, халыққа қайыры тиген мықты азаматтарға құрмет көрсету мақсатымен «Жомарт жүрек – 2023» сыйлығын табыстау рәсімі ұйымдастырылды.

5 (1)

Салтанатты іс-шараға аудан әкімі Талғат Шакиров, аудандық мәслихат төрағасы Жанар Бисенғалиева, «AMANAT» партиясы Тасқала аудандық филиалы төрағасы Люция Жұбанышқалиева, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жәрдемғалиы Балыков қатысты.

 Алдымен жүрегі елім деп соққан, қашан да игі бастамалардың ұйытқысы болып жүрген жомарт азаматтарды аудан әкімі Талғат Шакиров «Жомарт жүрек – 2023» сыйлығын табыстау салтанатымен құттықтады.

5

– Баршаңыз бүгінгі іс-шараға қош келдіңіздер! «Жомарт жүрек» сыйлығын табыстау кеші жыл сайын дәстүрлі түрде өтіп келеді. Біз жыл ішінде елім деп жүрген азамматтардың басын қосып, құрмет көрсетеміз. Биыл Тасқала ауданының құрылғанына 90 жыл толды. Жоғары деңгейде атап өттік. Осы мерейтойдың өтуіне өздеріңіз секілді мықты жандар ұйытқы болды. Көптеген айшықты іс-шараның басында жүрген сіздерге зор ризашылығымды білдіремін. Жыл ішінде жомарт жандардың көмегімен аудан тұрығындарына да көмек қолы ұсынылды. Сіздер секілді жомарт кәсіпкерлер сүрінгенге сүйеу, жығылғанға демеу болып келе жатыр. Ел алдында сіздерге ыстық ықыласымды білдіріп, зор алғысымды айтамын. Табыстан табысқа жете беріңіздер. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, – деген Талғат Асқарұлы елдің елдігін айшықтап жүрген жомарт азаматтарға «Жомарт жүрек – 2023» сыйлығын табыстады.

3

Ауданның дамуына сүбелі үлес қосып жүрген жомарт жандар, «Жомарт жүрек – 2023» сыйлығының иегерлерін атап өтсек, облыстық мәслихат депутаты Нұртай Жұмашев, «Аманжол» шаруа қожалығының төрағасы Телжан Дүйсенов, «Аюпов» шаруа қожалығының төрағасы Нұрлан Аюпов, «Карен» шаруа қожалығының төрағасы Есім Мамбетов, «Batys Beef» ЖШС төрағасы Дияс Айтжанов, «Zhaidar invest» ЖШС директоры Саламат Сертеков, «Нетказиев» шаруа қожалығының төрағасы Ерлан Нетказиев, «Сапенов» шаруа қожалығының төрағасы Сержан Сапенов, «Танас» шаруа қожалығының төрағасы Тарих Жарасов, кәсіпкер Муса Гурсаев, аудандық спорт клубының директоры, ауылымыздың көпшілік-мәдени іс-шараларына белсенді араласып жүрген Әсет Хайыршақов бар.

 Салтанатты жиын аудан көркемөнерпаздарының шағын концертіне жалғасты.

Болат Бек,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале