25.06.2021, 10:43
Оқылды: 54

Жүз жасаған журналист

Ақжайық ауданы орталығында тұратын Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері, әріптесіміз ұзақ жыл бойы бұқаралық ақпарат саласында жемісті еңбек еткен Рафхат Ғалимуллинді БАҚ қызметкерлерінің күнімен шын жүректен  құттықтаймыз!

20EDC036-0E84-4F70-9755-47AB0E486672

Рафхат ағамыз 1967 жылдан бастап аттай 15 жыл қос тілде жарық көретін аудандық «Еңбек» – «Труд» газетінің редакциясын басқарып, басылымның беделін арттырып, редакцияның облыстық деңгейдегі бірнеше байқауында жеңімпаз атануына өз үлесін қосты. Кейінгі ұрпақ оны талап та қоя білетін, жұмыстың тек жоғары сапада орындалуына жіті мән беретін, өз ісінің кәсіби маманы ретінде жақсы таниды. Оның «шекпенінен» шыққан қарымды журналист Болат Есқалиев бірнеше жыл аудандық газетте редактор болып, зейнеткерлікке шықса, Борис Мырзағалиев әріптесіміз бүгінде аға жолын жалғастыруда.

Рафхат ағамыздың өмір жолы – адамгершілік, іскерлік, шығармашылық қырлары, ізін басып, ісін жалғап келе жатқан әріптестеріне үлгі. Осы күзде бір ғасырлық мерейтойын тойлайтын ағамыздың даладай кең жан дүниесінің шуағы көпшілікті әлі де жылыта берсін!

«Жайық  Пресс» медиахолдингінің  ұжымы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале