30.12.2019, 15:27
Оқылды: 176

Жыл басынан бері 17 бәйтеректік боксшы түрлі жарыста жүлдегер атанды

Бәйтерек аудандық балаларлар мен жасөспірімдер спорт мектебінде жаттығатын жас боксшылар жақсы нәтижелерімен қуантып жүр.

boks

Ербол Сарбасов, Мейрамбек Мәжитов, Асхат Рыспаев секілді бапкерлерден тәлім алатын жас былғары қолғап шеберлері биыл барған жарыстарының барлығынан жүлде салды.

Биыл Бәйтерек ауданының 17 боксшысы түрлі жарыстарда олжа салды.

Атап айтар босақ, жыл басында ұйымдастырылған «Алтын қолғап» облыстық турнирінде Темірлан Маратов ІІ орын иеленсе, Батырхан Бекенов, Хамза Берікұлы, Қазыбек Өтепов және Ернар Байкенов сынды боксшылар үшінші орынды иеленді.

Сондай-ақ 2005-2006 жылдары туған жасөспірімдер арасындағы облыс чемпионатынан Мырзағали Сағынтаев, Әділет Болатов, Данияр Маулмаев сияқты боксшылар үшінші орын иеленіп келді.

Ал жыл соңында Теректі ауданында тәуелсіздік күні мерекесіне орай ұйымдастырылған облыстық жарыста аудан намысын қорғаған 11 боксшының 9-ы жүлдегер атанды. Ол жарыста Темірлан Маратов, Бекжан Сағын және Данияр Жолдығалиев І орын иегері атанса, Азамат Ермеккалиев, Ерқанат Әбират, Хамза Берікұлы екінші, ал Әлішер Серік, Нұрәділ Есетов, Саят Сағын жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.

-Бокс елімізде нөмірі бірінші спорт екені жасырын емес. Ауданға қарасты Достық, Новенький сияқты ауылдарда бокс үйірмелері жұмыс жасайды. Күні кеше Белес ауылдық округінде үйірме ашылды. Алдағы уақытта балаларымыз жақсы нәтижелерімен қуантады, - дейді жас бапкер Ербол Сарбасов.

Түгелбай Бисен

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagr am-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале