13.11.2026, 17:23
Оқылды: 6

Жымпитыда Мұқадес күні басталды

Бүгін Сырым ауданында жазушы, “Алаш” әдеби сыйлығының лауреаты Мұқадес Есламғалиевтің туғанына 80 жылдығына арналған “Рухы биік, қаламы қарымды жазушы” тақырыбымен әдебиет күні өтуде. 
IMG_5190
Мұқадестің тойына белгілі ақындар -  «Парасат» орденінің иегері, «Алаш» халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты, ҚР Жазушылар одағының Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Дариға Мұштанова, халықаралық «Алаш»әдеби сыйлығының иегері, «Қазақстанның Құрметті жазушысы» Айтқали Нәріков, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі айтыскер ақын, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық академиялық филормониясының директоры Бауыржан Халиолла, Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығының директоры Талғат Мықи, әдеби қызметкері Айнабек Бисенғалиев, ғалымдар - доцент, филология ғылымдарының кандидаты, М.Өтемісов атындағы БҚУ-нің профессоры, Сырым ауданының құрметті азаматы Зейнолла Мүтиев пен филология ғылымдарының докторы, профессор, БҚИТУ «Түркітану» және «Алтайтану» ғылыми орталығының жетекшісі Мұрат Сабыр келді. Шараның ең басты қонағы - жазушының жары Мұхсина ханым мен қыздары Арай мен Анар.
Меймандарды Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов, Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары Тілек Ғабдушев қарсы алды.
Бүгін журналист Мүсірбек Айташевтің кітабының тұсаукесері, М. Есламғалиевтің “Жазықсыз төгілген жас” драмасының премьерасы және жазушы атындағы әдеби байқаулардың қорытындысы өтеді.
Бауыржан Ширмединұлы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале