14.02.2023, 18:01
Оқылды: 35

Жымпитыдан жүлдемен оралды

Сырым ауданының орталығы Жымпитыда облыстық және Орал, сондай-ақ әр аудандағы жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы қызметкерлері арасында спорттық спартакиада өтті.

ea82540a-62da-4447-a5d3-0c5843fc88d0

Салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастар арасындағы бұқаралық спортты арттырып, әріптестік қарым-қатынасты нығайтуды мақсат еткен сайыста аудандық ресурстық орталықтың мамандары да қатысып, жүлделі орыннан көрінді.
Қатысушылар арқан тарту, волейбол, садақ ату, үстел теннисі, көңілді эстафета бойынша сынға түсті. Тартысты өткен жарыста Нұрбол Өтеғалиев үстел теннисінен үздікті түйіндесе, қыздар арасында Жасмина Мубаракова екінші орынды жеңіп алды.

Садақ ату кезеңінде бөкейлік команда екінші орынды қанжығаға байласа, жалпы командалық есепте біздің спортшылар үшінші орынға табан тіреді.

Нұрай Таубай,
Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале