28.03.2024, 16:30
Оқылды: 58

Жымпитыға Алматыдан әскери қызметкерлер келді

Кешелі бері Сырым ауданында өзен сулары көтеріліп, үйлер суға кеткенін хабарлаған болатынбыз. 

сырым су 2024 военный (1)

Бүгін Сырым ауданындағы жағдайды тұрақтандыру мен тілсіз жаумен күрес жұмысын жүргізу үшін Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылындағы Б. Момышұлы атындағы №28/237 әскери бөлімінің 50 қызметкері келді. Олардың ішінде сарбаздармен қоса офицерлік құрам да бар.

сырым су 2024 военный (2)

Сарбаздар келіп іске білек сыбана кірісті. Олардың бір тобы құм қаптаса, бір тобы Жымпиты - Ақсай тас жолының бойын бөгеп жатыр.

сырым су 2024 военный (3)

Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале