24.02.2016, 19:39
Оқылды: 17

Тасқалада бағдарлама жүзеге асуда

????????????????????????????????????

   Ақпанның 23-і күні «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Думан Ғазез бастаған және аудандық мәслихат депутаттары мен партиялық бақылау комиссия мүшелері қостаған топ «Нетказиев» шаруа қожалығында болып қайтты.


         Қожалық басшысы Ерлан Нетказиев былтыр «Нұрлы жол» бағдарламасы арқылы мемлекет тарапынан жалпы сомасы – 5 млн. 522 мың теңге көлемінде субсидияға қол жеткізген. 630 қойға асыл тұқымды және селекциялық жұмыстар жүргізу үшін 21 еділбай қошқарын алса, 87 ірі қара малға – 3 қазақ ақбас бұқа мен үш абердин-ангус тұқымдас бұқасын сатып алған. Сонымен қоса, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыру үшін бес тонна қойдың етін тапсырып, оған да субсидия алған екен. Арнайы барған топ өкілдері осы шаруашылықта бағдарламаның сәтті жұмыс жасап жатқанына көз жеткізіп, ата кәсіпті қолға алған шаруашылыққа табыс тіледі.

www.zhaikpress.kz

Манас Маратұлы

Тасқала ауданы 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале