19.02.2016, 12:22
Оқылды: 57

Теректіде Ауған жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 27 толуына орай «Ақсұңқар» байқауы оздырылды

 

????????????????????????????????????

   Теректі аудандық мәдениет үйінде Ауған жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 27 толуына орай аудандық «Ақсұңқар» байқауы оздырылды.


Аталмыш байқаудың құрметті қонақтары қатарында аудан әкімі Жеңіс Серікқалиев болды. Аудан басшысы құттықтау сөз сөйлеп, ауған халқы алдында интернационалдық борыштарын өтеген жауынгерлерге құрмет білдірді.

1979 жылдың 25 желтоқсанынан 1989 жылдың 15 ақпанына шейін созылған бұл зұлмат еліміздің тарихында қалып отыр. Кеңес Одағының басшылығының қаулысымен қаншама қазақстандық осы ұрысқа қатысып, қаншамасы елге қайтып оралмады. Нағыз ерлік пен батырлықтың үлгісін көрсете білді.

Ауған жеріне аттанған батырлардың қатарында ауданымыздың да азаматтары болды. Осы кештің төрі сол соғысты жеңіп, ауған халқы алдында интернационалдық борыштары адал атқарған жандарға бұйырды. Кеш барысында оларға құрмет көрсетіліп, гүл шоқтары табыс етілді.

«Ақсұңқар» байқауына сайдың тасындай іріктелген 7 жігіт қатысты. Білек күші мен жүрек күшін қатар сынаған қатысушылар 4 кезең бойынша додаға түсті. Бірінші кезеңде үміткерлер қазақ халқының салт-дәстүрі, мақалдарды жалғастыру секілді тапсырмадан өтсе, екінші кезеңде нағыз ер жігітке тән киім үлгілерін көрсетті. Үшінші кезеңде жігіттер гір тасын көтеріп, қол күресінде кім мықтыны анықтады. Спорттық кезеңнен қымсынбай өткен қатысушылар,  соңғы айналымда бойларындағы өнерлерімен көпті тәнті етті.

Құрамында аудан әкімінің орынбасары А.Тоқжанов,  ауған  ардагерлерінен  құралған «Контингент» ұйымының басшысы А.Киндербаев, аудандық мәдени-демалыс орталығының әдіскері А.Қайрова бар әділқазы алқасы жүлделі ІІІ орынды Федоров ауылы атынан сыңға түскен Е.Ғабдрахмановқа берді. Ал тұғырдың екінші сатысы ақсуаттық Е.Наурызғалиевке бұйырса, байқаудың І орынына  шағатайлық М.Уахитов лайық деп танылды. Аудандық «Ақсұңқар» байқасының бас жүлдесін барлық сыннан сүрінбей өткен, Ақжайық ауылы атынан қатынасқан Бекзат Сәбитов жеңіп алды. Қатысушалардың барлығына бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттар табыс етілді.

Кеш барысында аудандық мәдени-демалыс орталығының өнерпаздары Қ.Сагидуллин, Д.Жұмағалиев, Т.Жексенбаев, Л.Локтионова, Ә.Жанәбілов әсем әннен шашу шашты.

www.zhaikpress.kz

Әділет ОРЫНБАСАРОВ

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале