10.10.2017, 14:05
Оқылды: 177

«Сараптамалық материал жазуда журналистер кей мәселелерге мән бермейді»

IMG_7325«Жайық Пресс» медиахолдингінде журналистердің біліктілігін жетілдіру семинарының екінші күні өтті. Семинар барысында «Орал өңірі» газетінің бөлім басшысы Сәкен Әбілхалықов сараптамалық мақала жазудың қыр-сырына тоқталды.


 

Айта кетейік, Сәкен Мұратұлы бұған дейін журналистер арасындағы индустриалды-инновациялық тақырыпқа арналған республикалық байқауда бас жүлде иеленіп, Лондонға жолдама ұтып алған болатын.

Ұлыбритания елінен алған тәлімі туралы ой бөліскен ол, әсіресе, ғылыми журналистиканың дамуы қарқынды екенін ерекше атап өтті. Оның айтуынша, Лондонда ғылым, технология, инновация тақырыбына қалам тербейтін журналистерді дайындайтын арнайы медиаорталықтар бар.

IMG_7299Семинардың екінші бөлімінде спикер газеттің бәсін арттыратын факторлар, оқырман сұранысы, сараптамалық мақала жазуда аудан тілшілерінің жіберетін қателері жөнінде ой бөлісті. Қатысушылар баяндамадан соң, негізгі тақырыпқа қатысты берілген тапсырмаларды орындап, өзара талқылады. Оның ішінде мемлекеттік бағдарламалар, жастар жайы, салауатты өмір салтын насихаттауға қатысты сараптамалық мақала жазудағы түйткілдер бар.

Семинарға қатысқан журналистер бүгінгі тағылымды шарадан алған ой-пікірлерімен ықыластана бөлісті..

IMG_7311Қаршыға Елемесов, Шыңғырлау аудандық «Серпін» газетінің жауапты хатшысы:

- Сәкен Әбілхалықов – өзіндік көзқарасы бар, топтан озған азамат. Заманның көшіне ілесіп, шетелде білім жинауы, оны біз сияқты әріптестеріне жеткізуі оның шеберлігін көрсетеді. Осы екі күн ішінде журналистиканы білемін деп жүрген менің өзім көп нәрсе түйдім. Білмейтініміз көп екен. Бұндай жақсы үрдіс жалғасын тапса деймін. Жалпы, журналист қоғаммен бірге дамуы керек. Біз қоғамнан кешіксек, қажеттілігімізді жоғалтамыз. Сондықтан біздің мақсатымыз – заманның тынысын ұғынып, оны халыққа жеткізу.

IMG_7330Есенжол Елекенов, Тасқала аудандық «Екпін» газетінің аға тілшісі:

-Сәкен Мұратұлы аудан тілшілерінің сараптамалық материал жазуда ұмыт қалдыратын тұстарын ашып көрсетті. Мәселен, мемлекеттік бағдарламалар туралы мақалада маман пікірімен шектеліп жатамыз. Оның орындалу барысы, түйткілді мәселелеріне терең бойламаймыз. Яғни, сараптамалық материалдың жүгін арқалай алмай жатады. Семинарда осы мәселеге қатысты толық мәлімет алдым.

22308771_2059182077634984_6611165065044276531_nСеминар түстен кейін жалғасады. Онда «Жайық Пресс» ақпарат орталығының жетекшісі Нұрлыбек Рахманов медиамәтінмен жұмыс тәсілдері турасында баяндама жасайды.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале