28.02.2020, 16:28
Оқылды: 23

Жәңгір хан атындағы БҚАТУ студенттерімен кездесті

27 ақпан күні Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің І курс студенттерімен кездесу ұйымдастырылды.

Кездесу барысында департаменттің Превенция және парасаттылық басқармасының бас маманы Г.Мурзакаева студенттерді сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығымен байланысты түсініктермен таныстырып, заңнама үзінділерінен мысалдар келтіріп, жемқорлық жасағаны үшін көзделетін жаза түрлерімен таныстырды.

zhangir han

Қатысушыларға жемқорлық фактілерімен кездескен жағдайда хабарлауға болатын Call-орталық жұмысы таныстырылып, жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін көзделетін сыйақы мен жалған хабарлау үшін қарастырылған жаза туралы түсіндіріліп, студенттер назарына Агенттік жұмысы туралы бейнероликтер ұсынылды.

Шара соңында студенттер өз сұрақтарына жауап алып, пікірлерімен бөлісті.

zhaikpress.kz

 Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале