23.11.2016, 16:19
Оқылды: 44

Жас маман-2016

????????????????????????????????????

  Қаратөбе ауданының орталығында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай  ұйымдастырылған «Жас маман-2016» байқауы өтті.

Аталмыш байқау «Таныстыру», «Білім берудегі менің инновациям»(слайд арқылы ашық сабақ), «Теориялық-әдіс алмасу», «Психологиялық ситуациядан шығу», «Өнерлі ұстаз» (Ұстаздар өзінің кез келген өнерімен тәнті ету) атты бес кезеңнен тұрып тоғыз жас ұстаз өзара бақтарын  сынады.


 Байқаудың алғашқы таныстыру кезеңінде жас ұстаздарымыз өздерін өлең шумақтарымен таныстырып, ал білім берудегі менің инновациям бөлімінде әрбір жас ұстаз өз пәні бойынша сабақ өткізу ерекшеліктерін слайд арқылы көрсете білді.

 Психологиялық ситуациядан шығу кезеңінде жас мұғалімдер түрлі сұрақтарға жауап бере отырып, оқушылармен, ата-аналарымен арада орын алатын түрлі жағдайларда қандай шешім қабылдау керектігін түсіндіріп, әрқайсысы өздерінше тығырықтан шығу жолдарын көрсетті

 Өнерлі ұстаз кезеніңде ұстаздар бар өнерін ортаға салып  мұғалім ғана емес, әнші, биші,суретші, жан жақты екендерін көрсетті. Атап айтар болсақ Мейрамбек Аманжолұлы аспаздық қабілетімен ерекшеленіп, қазылар алқасына дәмді тағамын ұсынса, Санжар Абзалұлы Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай майлы бояу арқылы «Тәуелсіздік тартуы» атты суретімен өзінің шеберлігін көрсетті.

 Байқау қорытындысының нәтижесі бойынша «Үздік жас маман- 2016»  байқауының бас жүлдесінгография пәнінің мұғалімі Санжар Абзалұлы иеленіп аудандық кезеңге жолдама алды

  Шараны жоғары деңгейде ұйымдастырған ғылыми жетекші Шолпан Алдоңғарқызы.

 

Маралбек АМАНТАЕВ

Қаратөбе ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале