30.01.2020, 17:11
Оқылды: 101

Аудандар арасында қаратөбелік кәсіпкерлер көш бастап тұр

БҚО кәсіпкерлер палатасы Қаратөбе аудандық филиалының директоры Асхат Тойшыбаев кәсіпкерлер алдында өткен жылғы атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берді. Жиынға БҚО кәсіпкерлер палатасының директоры Бақдәулет Ибраимов және аудан кәсіпкерлері қатысты.

QARATOBE PALATA (2)

 -Былтыр кәсіпкерлерді қолдау орталығымен 776 аудан тұрғынына кеңес берілсе, оның 210-ы өз бизнесін жаңадан ашты. Ал нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты аясында «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 207 адам кәсіпкерлік негіздерінен оқып шықса, «Жас кәсіпкер» жобасын 47 жас аяқтап, арнайы сертификаттар алды, - деп бастады сөзін Асхат Жәнібекұлы.

- Өңірлік жобалар картасын дамыту және сүйемелдеу бойынша 2019 жылы «АШҚҚҚ» АҚ арқылы «Игілік» бағдарламасымен 70 кәсіпкерге 184 млн. 350 мың тенге несие алуға көмек жасалды. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында қайтарымсыз грант бойынша 1 кәсіпкер 2,7 млн. теңгенің қаражатын ұтып алды. Мұның сыртында «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында ісін жаңадан бастаған 182 аудан тұрғыны қайтарымсыз 81,8 млн. теңге қаражатқа ие болды.

Сондай-ақ «КазАгроҚаржы» АҚ-нан шаруа қожалықтарына 3 Беларусь тракторы мен 6  шөп тайлағыш агрегат лизингке алуға көмек көрсетілді. Жалпы 2020 жылдың 1 қаңтарында аудандағы шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 825 бірлікті құраса, олардан түскен салық түсімі 52 млн. теңге.

Кездесу барысында аудан кәсіпкерлері БҚО кәсіпкерлер палатасының директоры Бақдаулет Ибраимовке сұрақтарын қойып, тиісінше жауап алса, кейбірі кәсіпкерлік саласындағы тың жобаларын ұсынды. Осы ретте айта кетелік, Қаратөбе ауданы кәсіпкерлік саласы бойынша аудандар арасында көш бастап тұрған көрінеді.

Маралбек Амантаев

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале