27.06.2017, 12:27
Оқылды: 42

Жаңа бағытта жұмыс жасауды тапсырды

Taskala jana bagit  Тасқала ауданының әкімі С.Әлиевтің төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңес отырысы өтті. Оған кеңес мүшелері мен ауылдық округ әкімдері қатысты.


  Кеңесте аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Дүйсенова дін саласындағы ақпарттық-түсіндіру тобының жартыжылдықта атқарған жұмыстары туралы есеп берді. Ол өз сөзінде жастарды жат діни ағымдардан сақтандыру үшін имамдардың қатысуымен мектеп оқушылары колледж студенттері және ауыл тұрғындары мен үнемі кездесулер өткізіліп тұратынын айтты. Сондай-ақ ауданда «Руханият» жат ағымдардан жапа шеккендерге көмек көрсету орталығы ашылғанын оған Орал қалалақ медресесін үздік бітірген Тасқала ауылының тұрғыны Б.Шакаев теолог болып, келіп жатқанын жеткізді.

         Мұнан соң мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы М.Нәріков, аудандық аурухана басшысы Г.Кенжешева мен ауылдық округ әкімдері дін мәселесі жөнінде ақпараттық жұмыстарының жайын баяндады.

         Баяндамашылардын атқарған жұмыстарын сынға алған аудан басшысы оларға жаңа бағытта жұмыс жасауды тапсырды.

Е.ЕЛЕКЕНОВ
Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале