26.06.2020, 10:49
Оқылды: 45

Сырымда шомылу маусымына қатысты рейдтер жалғасуда 

Қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін Сырым аудандық төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері ішкі істер бөлімімен бірлесіп, суға түсуге тыйым салынған жерлерге рейдтер жүргізуді жалғастыруда. 

E0885578-1F24-4F19-BC16-B272F3B85549

Айта кетейік, жақында ғана аудандық төтенше жағдайлар бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Сағдат Әнес суға түсу орындарына арнайы тақтайшалар орнатылып жатқанын мәлімдеген болатын.

2DB7B9A1-2F1B-4A9F-9B49-DAFD875589EC

- Орнатылған тақтайшалар мен ескертулерге қарамастан, «тілсіз жау» саналатын өрт пен судың алдын алу мақсатында жұмыстар жүргізіп, арнайы анықтамалықтар таратудамыз, - дейді аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау капитаны Арман Қыдырсихов.

Айжан Бауыржанқызы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале