19.04.2021, 16:45
Оқылды: 100

Жаңақала ауданында залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Батыс Қазақстан облысы бойынша дезинфекция орталығы» филиалының қызметкерлері келіп, Жаңақала ауданына залалсыздандыру жұмыстарын жүргізді. Нақтырақ айтсақ, мемлекеттік тапсырыс бойынша туляремия ауруының алдын алу мақсатында жыл сайын жасалатын залалсыздандыру жұмыстарын арнайы техникалардың көмегімен жасады.

AABB7894-B5A1-4554-961C-CCA2C77D1928

- Жаңақала ауданы бойынша бізге Плантация, Бірлік, Пятимар, Ақбалшық, Жолқұдық, Жаңақала ауылдық округтері, жалпы 977,98 гектар жер берілді. Малға, адамға қауіпсіз төртінші категориядағы препарттармен біздің құрамда 2 бригада жұмыс жасайды. Біріншісі залалсыздандыру кезіндегі жұмыста моторлы аспалы бүріккіш құрылғысымен дәрі-дәрмекті шашады. Олар бір-бірінен арақашықтығы 10-20 метр салып, 10 қызметкер елдімекеннен 50 метр қашықтықтан бастап ауылды қоршап, залалсыздандырады. Ал екінші бригада ақ тумен жүріп, жердегі кенелерді аулайды. Оны біз теріп, колбаға сақтап, GPS навигациясы арқылы бағдарлы бағытын тауып, талдап, орталыққа жібереміз. Облыс бойынша басқа да аудандарда залалсыздандыру жасауда бізді тасымалдау жұмыстары Жаңақала ауданы тұрғындарының көмегімен атқарылады. Жеке кәсіпкер «Салық Қазына» шаруашылығына алғысымызды білдіреміз! - деді камералық ошақтық және профилактикалық дезинфекция бөлімінің меңгерушісі, дезинфекционист-дәрігер Ислам Жақыбалиев.

Жаннұр Берікқызы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале