2021 жылғы 27 мамырдағы мәлімет бойынша Қазақстанда 2 056 768 адам вакцина салдырды.
Сондай-ақ вакцинаның екінші компонентін салдырғандар саны 997 360-қа жетті.
Айта кетейік, ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин апта басында елде вакциналау жұмыстарының қарқынын арттыруды тапсырды.
«Вакцина қорларын толтыру, егу пункттерінің санын арттыру бойынша шаралар қабылданып жатыр. Вакцинаның болу-болмауы бойынша ешқандай проблема жоқ. Қазір егу науқанын кеңейту пандемиямен күресуде ең маңызды міндет болып табылады. Денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктерге вакциналау қарқынын арттыруды тапсырамын», - деді Асқар Мамин.
inform.kz