1.06.2021, 9:51
Оқылды: 22

Қазақстанда қанша адам коронавирус вакцинасын алды?

Қазақстанда коронавирусқа қарсы 4 вакцина қолжетімді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.

в1

«Коронавирусқа қарсы халықты вакцинациялау жалғасуда. Бүгінде шамамен 3,2 млн доза қолданылды. Оның ішінде бірінші компонентпен 2 121 519 адам екпе алды. Бұл екпе алуға тиісті халықтың 21 пайызын құрайды. Екінші компонентпен 1 074 954 адам қабылды», - деді министр.

Оның атап өтуінше, қазіргі уақытта екпе пункттерінде вакцина дозасы жеткілікті. Атап айтқанда 1-компоненттен 330 мың, 2-компоненттен 811 мың доза бар.

«Бұған қоса, маусым айында COVID-19-ға қарсы вакцинаның шамамен 2 млн екі дозасы жеткізіледі деп күтіліп отыр. Бүгін Қытай Халық Республикасынан CoronaVac вакцинасының 500 мың дозасын алдық. Осылайша, Қазақстан 4 вакцина қолжетімді. Вакцинациялау жалғасуда», - деді Алексей Цой.

inform.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале