Жол белгілері – көше және автомобиль жолдарындағы көліктердің және жаяу жүргіншілер қозғалысын ұйымдастырудағы маңызды құрал. Сол себепті аудан тұрғындарына жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, қолайлы жағдай жасау мақсатында Бәйтерек ауданының полиция қызметкерлері ауылдық округтердің жүріс бөліктеріне қайталанатын жол белгілерін салуды қолға алды.
Тәртіп сақшыларының сөзінше, бұл жұмыс жолдағы келеңсіздіктердің алдын алады екен. Мамандар бұндай жол белгілерін оқушылар көп өтетін орындар мен мектеп жанына және көлік көп жүретін көшелерге орналастырған.
- Ауданымыздың орталығында көлік қозғалысы көп. Сондай-ақ, жаңа оқу жылы басталуымен автомобиль және жаяу жүргіншілер жолында мектеп оқушылары көп шығады. Осы жағдайды ескере отырып полиция қызметкерлері жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыру, балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу және көлік жүргізушілерінің назарын "Жаяу жүргіншілер өткелі", "Балалар", "Жылдамдықты шектеу" сияқты белгілерге баса назар аудару мақсатында Дариян және Переметный ауылдық округтеріндегі жолдарға жол ережелерінің сызбасын салды. Бұндай сызбалар алдағы уақытта басқа да ауылдық оккругтерде пайда болады, - дейді дейді жергілікті полиция қызметінің басшысы, полиция майоры Азамат Жұмағұлов.
Аружан Аманжол,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz