22.09.2021, 22:40
Оқылды: 19

Батыс Қазақстанда соңғы аптада коронавирус жұқтыру көрсеткіші 7,3 пайызға төмендеді

Батыс Қазақстан облысында соңғы аптада алдыңғымен салыстырғанда, коронавирус жұқтыру көрсеткіші 7,3 пайызға төмендеді.

80BD11DC-75A1-4101-9D88-3F2B014A300B

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәлім еткендей, пандемия басталғаннан бері барлығы 36 887 адамнан індет табылды.

Соның 27 666-сы биылғы жылдың үлесіне тиеді. Мұның 19 129-ы - ауру белгісі бар науқастар.

Қазіргі кезде облыс бойынша 1094 адам үйлерінде амбулаториялық ем алуда.

Стационарларда 356 науқас жатса, 136-сы Орал қаласындағы модульдік, 106-сы облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында, 64-і облыстық көпбейінді ауруханада ем қабылдауда. Қалғандары аудандық ауруханаларда.

Басқарма мәліметіне қарағанда, жыл басынан бері балалардың коронавирус жұқтыруы көбейгені байқалады. Биыл 2485 бала тіркеліп, соның 2367-сі сауығып шықты. 118-і әлі емделуде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда егілуге тиісті тұрғындардың 60 пайыздан астамы вакцина алғанын жазған болатынбыз.

Дереккөз: inform.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале