2016 жылғы 18-20 сәуір аралығында Орал қаласында өткен грек-рим күресінен 1996-1998 жылы туылған жастар мен ересектер арасында өткен Батыс Қазақстан облысының чемпионатына қатысып жеңімпаз атанған Алмаз ауылынан шыққан жас спортшылар- І орынға ие болған А.Сартов, ІІІ орынды иеленген С.Жантуринов ерекшеленді.
Осы спортшылармен қатар ересектер арасындағы сайыста Н.Айбергеновте жүлделі ІІІ орыннан көрінді. Жеңімпаздардың жаттықтырушысы жоғары санатты, дене шынықтыру пәні мұғалімі С.Жетмеков.
Г.Сұлтанғалиева
Шыңғырлау ауданы