Екі жыл бұрын Чапаев-Жалпақтал-Қазталов-РФ шекарасы бағытындағы республикалық маңызы бар күре жолға күрделі жөндеу басталғаны белгілі.
Кезең-кезеңмен жүзеге асып жатқан жөндеу жұмысына республикалық бюджеттен 9 млрд. 457 млн. теңге жұмсау жоспарланған. 2014-2015 жылдары 30 шақырым жөнделсе, биыл асфальт беті 18 шақырымға жаңармақ. Яғни, автомобиль жолының 127-ші жəне145-ші шақырым аралығы қамтылады. Бұл тұста Қазталов ауданының Қараөзен жəне Жалпақтал ауылдық округтері орналасқан.
Жол бойында жұмысшылармен жүздескен сенаторлар мен облыс басшысына "Uniserf" ЖШС-ның ӨТБ басшысы Александр Карнеев техникалық картамен жол құрылысын түсіндірді. "Бұл автожолды жөндеу 2011 жылы басталды. Жылына 4 шақырымнан ғана жүргізілді. Кейін парламент қабырғасында жол мəселесін көтердік. Республикалық бюджеттен қаржы бөлінді. Жол құрылысы нəтижелі жүріп жатыр. Биылғы күрделі жөндеуге 2,2 млрд. теңге бөлінді", - деді Сенат депутаты Ерболат Мұқаев.
Облыс əкімі Алтай Көлгінов биыл 110 шақырым республикалық, 120 шақырым жергілікті жол жөнделетінін айтты.