Ақжайық аудандық ІІБ-нің қылмыс мәліметтерінде біреудің дүниесін ұрлау жиі кездесіп отыр. Аудан орталығы – Чапаевта, мысалы, мамырдың басында тігін салондарының бірінен тапсырыс берушінің 2 әйел көйлегін ұрлаған азаматша С. көп кешікпей-ақ қолға түсті.
Сондай-ақ Чапаевтағы дүкендерінің бірінің маңында зейнеткердің велосипедін мініп зыта жөнелген, еш жерде жұмыс жасамайтын 29 жастағы Б.-ны да полиция қызметкерлері ізін суытпай ұстады.
Бекем БЕКҰЛЫ
Ақжайық ауданы