Бүгін Батыс Қазақстан облысының әкімі Н.Төреғалиев, Орал қаласы әкімі М.Сатқанов, облыстық басқармалар және құқық қорғау органдары, коммуналдық қызмет басшылары азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдауда.
«Ашық әкімдік» бірыңғай қабылдау күні облыстың барлық аудан орталықтарында аудан басшылығы, жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының қатысуымен жүзеге асырылуда.
«Ашық әкімдік» Орал қаласы, Ж.Молдағалиев көшесі, 19 мекенжайы бойынша, Өңірлік коммуникациялар қызметі залында ұйымдастырылуда.
zhaikpress.kz