10.01.2023, 11:00
Оқылды: 4

«Кәрі құда» қаһарына мінді

Осы аптада «кәрі құда» ашуға басты. Оқу жылының үшінші тоқсаны үскірікпен басталып, облыстағы 1-9 сыныпоқушылары онлайн оқуға көшті. Қыс жуырда қаһарынан қайта қоймауы мүмкін. Газет беті қатталып жатқанда, төтенше жағдай департаменті «Қазгидромет» РМК-ның 9 қаңтардағы мәліметі бойынша 10 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығыс және шығыс жағында түнде 35 градусқа дейін қатты аяз болуы мүмкін екені туралы ескертті. Бірқызығы, облыс тарихында осы айдағы  ең суық күн 1969 жылдың 24 қаңтары (-40,8°С аяз), ең жылы күн 1948 жылдың 10 қаңтары (-6,6°С аяз) болған.

E8337ECF-8112-47A7-9E05-E1385449A292

«Қазгидромет» РМК облыстық филиалының ресми мәліметі бойынша осы аптада суық артикалық антициклонның ықпалында болатындықтан, облысымыздағы ауа райы ашық, жауын-шашынсыз болып, аяз күші бәсеңдемейді. Солтүстіктен соққан желоңтүстік-шығысқа ауысып соғады. Алдағы күндері түнде минус 30-35, облыстың оңтүстігінде 25, күндіз 23-28°С аяз болады. Аптаның соңында Атлант мұхитынан келген циклонның әсерінен аяз күші әлсіреп, 13 қаңтардан бастап түнде ауа температурасы 18-23, күндіз 10-15°С-қа дейін төмендемек.

Облыс бойынша қаңтар айына ауа райы болжамы:

Ауаның орташа айлық температурасы -6,3 -12,5°С, бұл қалыпты шама (қалыпты шама: -6, 8 -11,4°С).

Екінші онкүндіктің басында ауа температурасы түнде -17, -22°С-қа дейін, күндіз -9, -14°С-қа дейін, облыстың батысында түнде -12°С, күндіз -4°С-қа дейін жоғарылауы күтіледі. Кейін ауатемпературасы түнде -2, -7°С-тан -7, -12°С-қа дейін, солтүстік-шығыста -10°С-тан -17°С-қа дейін, күндіз -3, +2°С-тан -3, -8°С-қа дейін ауытқуы мүмкін.

Үшінші онкүндікте ауа температурасы түнде -20 -25°С, күндіз -12, -17°С-қа дейін, облыстың батысында түнде -15°С, күндіз -6°С-қа дейін біртіндеп төмендеуі болжанады. Онкүндіктің соңында ауатемпературасы түнде -5, -10°С-қа дейін, күн-діз -2, +3°С-қа дейінжоғарылайды.

Жауын-шашынның айлық мөлшері облыстың батыс жартысындақалыпты шамадан көп, облыстың шығыс жартысында қалыпты шамада күтіледі (норма: 13-28 мм). Үшінші онкүндіктің басындасылт қар жауса, екінші онкүндікте жауын-шашын (негізінен қар) түсімі мол болады. Екінші және үшінші онкүндіктің ортасындатұман түссе, екінші онкүндіктің басында және орта тұсында, үшінші онкүндіктің бас кезінде көктайғақ болуы мүмкін. Қаңтар мінезіне сай бұрқасын да жиі  соғатыны айтылады. Екінші және үшінші онкүндіктердің соңында екпіні 15-20 м/с болатын үскірік жел соғады.

Ескерту: Ұсынылған айлық ауа райы болжамын кеңес ретіндепайдалануға болады. Бір айға арналған ауа райы болжамыонжылдық және одан да қысқа кезеңдерге арналған болжамдармен үнемі жаңартылып отырады.

Нұртай Алтайұлы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале