Ақжайық ауданының Ақжол ауылында орналасқан «Сахарный» МЖС объектісінде ірі ауқымды ТЖ жоюға жұмылдырылатын авариялық-құтқару қызметтердің, «ҚазТрансОйл» АҚ Батыс Филиалы Орал мұнайқұбырлар басқармасының күштері мен құралдарының, басқару органдарының ұйымдастырылуы мен жай-күйін зерттеу мақсатында кешенді оқу-жаттығу өткізілді. Потенциалды қауіпті объекттегі авариялар кезінде Орал мұнай құбырлары басқармасының басқару органдарының дайындығы бағаланды.
«Сахарный» мұнай жылыту стансасы «Өзен-Атырау-Самара» мұнай құбырының қызмет көрсететін телімінде мұнайды жылыту және қайта айдау технологиялық үрдістерін орындайды. Объект аумағында 4 мұнай жылыту пештері орналасқан.
Оқу-жаттығу барысында «Сахарный» мұнай жылыту стансасы объектісіндегі ТЖ орын алған жағдайда тұрғындар әрекетінің жаттығуы өткізіліп, объектіде жұмыс істейтін қызметкерлер мен жұмысшыларды қауіпсіз аймаққа эвакуациялауды жүргізу есептері нақтыланды.