Оралдағы Ақжайық шағынауданында мемлекеттік бағдарламалар арқылы 25 көппәтерлі тұрғын үй салу жоспарланған.
Қазіргі уақытта шағынауданда 6 көппәтерлі тұрғын үй мен 26,6 км құрайтын ішкі жол құрылысы жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Орал қаласы әкімдігінің instagram парақшасында хабарланды.
Фотолар видеодан скрин
Шағынауданға 10,8 шақырым газ құбыры, 10,6 шақырым су бұру желілері, 11,3 шақырым сумен жабдықтау желісі және 91,8 шақырым электр желілері тартылған.
Қазіргі таңда кварталішілік инженерлік-коммуникациялық желілерді тарту және абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Сондай-ақ, аталған шағынауданда 150 орындық, мүгедектерді оңалту орталығының құрылысы жүріп жатыр.
Бұдан бөлек, алдағы уақытта шағынауданда мектеп, балабақша, аурухана емхана және өзге де әкімшілік бағыттағы ғимараттардың құрылысы басталады.
zhaikpress.kz