4 маусым күні кешкі сағат 22:53-те БҚО төтенше жағдайлар департаментіне Орал қаласындағы «Бәйтерек» жабық базарындағы бір қабатты сауда павильоны жанып жатқаны жөнінде хабарлама түскен. Өрт алаңы шамамен 80 шаршы метр, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға орнында жеке құрамнан 48 адам және 12 бірлік техника жұмылдырылған, БҚО Полиция дерартаментінен 11 қызметкер мен 3 бірлік техника, БҚ ТЭК 5 адам және 2 техника тартылып, жұмыс жасап жатыр.
Өрт 00:09-де оқшауланған. Зардап шеккендер жоқ.
Суреттерді оқиға орнынан түсірген Азамат Ұзақов,
zhaikpress.kz