29.06.2023, 10:15
Оқылды: 12

Оралда ардагер журналистке ескерткіш тақта орнатылды

Дәл қазір облыстық «Орал өңірі», «Приуралье» газеттері мен соғыс және еңбек ардагері, журналист Хабир Нұрмұхамедовке өзі қызмет еткен ғимаратта ескерткіш тақта орнатылуда.

13F37C42-8D7E-4A25-8633-E85B27319D2E

Ескерткіш тақтаның ашылуына өңір басшысы Нариман Төреғалиев қатысуда.

Қаламгер қауым мен ардагердің ұрпағы қатысқан жиынды облыстық «Орал өңірі» газетінің бас редакторы Бауыржан Ғұбайдуллин жүргізуде.

Айта кетейік, Хабир Нұрмұхамедов ғасырдан астам уақыттан бері шығып келе жатқан облыстық «Орал өңірі» газетінде сонау 1948 жылдан 1951 жылға дейін және 1963 жылдан 1973 жыл аралығында бас редактор болып қызмет атқарған.

7721C39A-99EC-4734-B6A8-EF40A6058376

Ол 1937 жылы Қазақтың коммунистік журналистика институтына оқуға түсіп, оны 1940 жылы бітіреді. Сол кездегі Қазақстан КП Орталық Комитетінің жолдамасымен Павлодар облыстық «Қызыл ту» газетіне редактордың орынбасары болып тағайындалады.

Кейін Ұлы Отан соғысына бастан-аяқ қатысып, ротаның саяси жетекшісі болған. Майдандық «Қызыл әскер» газетінде қызмет істеген. Жеңіспен оралғасын, жоғарыда жазғанымдай әр жылдарда «Орал өңірі» газетінде бас редактор болды.

D40C7BBE-2232-4C30-9F64-F9CEA77F05F3

Журналистердің талай буынын тәрбиелеп, ақпарат айдынына қанаттандырып ұшырған майталман журналист. Бірнеше орден-медальдармен марапатталған. Ұлы Отан соғысының және журналистика ардагері 2008 жылы Орал қаласында дүниеден өтті.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале