26.07.2023, 15:30
Оқылды: 60

Екібастұздағы өрт: Жас жігіттің денесі табылды

Бүгін сағат 13:24-те Екібастұз қаласындағы Қонаев, 5 көшесінде орналасқан автогаз құю  бекетінде газ құйылған төрт резервуар жанды. Бұл туралы ҚР-ның Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

16952826-46a5-4a88-81e5-9688cccb7e3d

Сондай-ақ оқиға орнында шамамен 40 газ баллон болған. Өрт жақын маңдағы "Феруза"азық-түлік дүкеніне өтіп, шамамен 200 шаршы метр аумақтағы шатыр, сондай-ақ 20 шаршы метр аумақтағы су мұнарасының шатыры өртенген.
Сағат 15:22-де цистернаның жанынан 2006 жылы туған ер адамның денесі табылды.

Өрт 15:00-де оқшауланып, 15:44-те сөндірілген. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале