14.09.2026, 9:30
Оқылды: 8

Ауылда медициналық нысандар жаңғыруда

Жуырда ӨКҚ ақпарат алаңында «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» атты ұлттық  жоба  аясында  іске  асып  жатқан  жоба  жөнінде  брифинг өтті.  Облыстық құрылыс басқармасы  басшысының  міндетін  уақытша  атқарушы  Парасат  Жұмағалиев ұлттық жобаның бағыт-бағдары  туралы  баяндады. 

жп медицина базартөбе (6)

Бірінші міндет – облыстың барлық ауданында медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысандарын салу. Осы мақсатта 2023-2025 жылдар аралығында жалпы 10,8 млрд теңгеге 50 нысанның құрылысы іске асырылып, толықтай пайдалануға берілді. Оның ішінде 11 дәрігерлік амбулатория, 21 фельдшерлік-акушерлік пункт, 18 медицина пункті бар.

Ұлттық жобаның екінші міндеті – жұмыс істеп тұрған аудандық ауруханаларды жаңғырту. 2025 жылдың төртінші тоқсанында Бөрлі ауданының Ақсай қаласында, Казталов ауданының орталығында жалпы сомасы 11,4 млрд теңгені құрайтын 2 көпбейінді орталық аудандық ауруханаға жапсаржай құрылысы басталған. Құрылыс жұмысы мемлекеттік арнаулы қор және жергілікті қаражат есебінен іске асырылуда. Ақсай қаласындағы аудандық аурухана (мердігер – «Альтаир» ЖШС) құрылысының 65%-ы салынып, қазіргі уақытта нысанның сырты мен ішін әрлеп, инженерлік желі
жүргізіліп жатыр. Казталов ауылындағы жобаның (мердігер – «Жаиксельстрой» ЖШС) 40%-ы орындалды. Жұмысшылар қабырғасын қалап, бірінші қабатқа еден салуда. Нысандарды жаңғырту жұмысы нәтижесінде ауруханалар заманауи, жоғары технологиялық медицина жабдықтарымен қамтамасыз етіледі. Оның ішінде магнитті-резонанс томографиясы, ангиография аппараты, компьютер томографиясы секілді күрделі диагностика және емдеу жабдықтары қарастырылған.

Парасат Бауыржанұлының мәліметінше, Бөрлі және Казталов аудандарындағы аурухана қызметі іргелес орналасқан аудан тұрғындары үшін де қолжетімді болмақ. Атап айтқанда, Бөрлі ауданына жақын Шыңғырлау, Сырым, Қаратөбе аудандарының 102 мыңнан аса, Казталов ауданына іргелес Бөкей ордасы және Жәнібек аудандарының 55 мыңнан аса тұрғынына медициналық көмек көрсетіледі. Аталмыш аудандардың тұрғындары енді шұғыл медициналық көмек алу
үшін шет шықпай, жақын жерде емделуге мүмкіндік болады.

Ботакөз Сәбитқызы,

Орал қаласы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале