26.09.2023, 15:15
Оқылды: 47

БҚО-да заңсыз ауланған 16 қап шаян тәркіленді

Бұл туралы БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

БҚО ПД Жергілікті полиция қызметінің табиғатты қорғау полиция тобының қызметкерлері қыркүйектің 23 күні «Переметный - Вечный» тасжолында  «Нива» автокөлігін тізгіндеген жүргізушіні тоқтатады.

b49e1ada-0a33-43d8-b177-47c644358053

1984 жылы туған жүргізуші басқарған көлік салонынан 16 қап шаян тәркіленген.

Жүргізуші бұл шаяндарды Бәйтерек ауданы бойындағы өзендерден аулағанын айтқан.
Келтірілген шығын анықталып жатыр.

Аталған факті негізінде ҚР ҚК-нің 335-нің 1-бөлігі (балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале