19.12.2023, 18:00
Оқылды: 29

Ұлылар ұстаханасы

ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ зиялыларының білім алған ошақтарының бірі Башқұртстандағы «Ғалия» медресесі.

жп дала

Ол 1872 жылы Уфа қаласында ашылған мұсылмандық жоғары діни оқу орындарының бірі. Оны ұйымдастырушы түркі зиялысы Зия Камали деген түрік азаматы болған.

Медресенің «Ғалия» аталуы арабша «ұлы», «мәртебелі» дегенді білдіреді. Онда діни біліммен бірге араб-парсы тілі, тарих, әдебиет, логика, философия, география, математика пәндері оқытылған.

ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында «Ғалия-Медресесінде» көптеген қазақ жасы оқып, білім алады. Солардың қатарында қазақтың белгілі ақын-жазушылары, ғалымдары атанған М.Жұмабаев, Б.Майлин, Т.Жомартбаев, Ж.Тілепбергенов, Қ.Оразаев, Ғ.Қайыров, тағы басқалар болғаны белгілі.

Айталық тек 1913 жылдың өзінде «Ғалия» медресесінде 50 қазақ баласы оқығаны айтылады. Осында алғаш рет 1911 жылы қазақ жастары өз қаражаттарына «Әліппе, яки төте оқу» атты қазақша оқу құралын шығарады.

Зұлқожа Шарафутдинов

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале