4.01.2024, 16:00
Оқылды: 38

Үшінші адамның денесі табылды

Оралдағы жарылыс орнынан үшінші адамның денесі табылды.

Бұл туралы БҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

WhatsApp Image 2024-01-04 at 16.03.19

Авариялық-құтқару жұмысы жалғасып жатыр.

Құлаған конструкция саны көп болғандықтан  жұмыс процесі қиын өтіп жатқан көрінеді.

Оқиға орнында ғимараттың қираған қиындылары құтқарушылардың өміріне қауіп төндіріп тұр. Ғимаратты толықтай қиратылып жатыр.

Еске сала кетейік, түнгі 02:07-де 101 пультіне Оралдағы Сырым Датов көшесі, 52 мекенжайында өрт шыққаны туралы хабарлама түскен еді.

Бұдан бұрын ТЖД қиранды астынан алты адамды тапқан еді.

Оның бесеуі медициналық мекемелерге жеткізіліп, бір адам ауруханаға жатудан бас тартты.

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале