Кешелі бері толассыз жауын-шашын салдарынан еріген қар суынан бөлек, жаңбыр жауғанына байланысты су деңгейі көтерілуде. Түске дейін Сырым ауданы әкімі Жұмагелді Батырниязов аудандағы ахуалға байланысты сұхбат берді.
- Ауданымызда қазіргі таңда 15 ауыр техника, 15 жеңіл көліктер, 24 мотопомпа жұмылдырылды. Одан бөлек, 80-нен астам мекеме қызметкерлері, ерікті азаматтар жұмыстануда. Бүгінгі күнге дейін аудандық төтенше жағдайлар бөліміне 200 тонна құмның 2600-дей қапшығы дайын тұрды.
Аудан орталығынан бөлек Қособа ауылына 20 тонна, Жырақұдық ауылына 20 тонна инертті материал түсірілген болатын. Су кету қаупінің алдын алу жұмыстары тоқтаусыз жалғасуда, - деді аудан басшысы Жұмагелді Жолдыбайұлы.
Айжан Бауыржанқызы,
Сырым ауданы